02 сәуір 2022 10:57

S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS© Фото: REUTERS©

2022 жылғы 1 сәуірде S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингінің "тұрақты" болжамды "BBB-" деңгейін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банкке сілтеме жасап.


2022 жылғы 1 сәуірде S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингінің "тұрақты" болжамды "BBB-" деңгейін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банкке сілтеме жасап.

"Болжамның сақталуы Каспи құбыр консорциумы (КҚК) қуаттарының қысқа мерзімге төмендеуіне негізделеді. Агенттіктің болжамынша Қазақстанның орнықты фискалдық позициясы мен ауқымды сыртқы резервтері алдағы екі жылда Ресейдегі экономикалық құлдыраудың салдарын біршама бейтараптандырады", - делінген хабарламада.

Қазақстанның жалпы мұнай экспортының 70 пайызға жуығын Еуропаға тасымалдайтын КҚК құбырының тиеу терминалының ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты зақымдануы елдің экономикалық белсенділігі мен макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқа мерзімге ғана кері әсерін тигізуі мүмкін. Үкімет терминал жұмысын жедел қалпына келтіруді жоспарлап отыр, бұл қазіргі экономикалық жағдайға оң әсер етеді.

"Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстанның сыртқы активтері қазіргі уақытта айтарлықтай жеткілікті екенін, ал жалпы сыртқы қаржыландыруға деген мұқтаждығы салыстырмалы түрде төмен екенін атап өтті. Бұл ретте S&P валюта нарығындағы тұрақсыздықты басу үшін резервтерді қолдану салдарынан резервтр көлемі төмендейді деп күтеді. Дегенмен, агенттік мұнай мен алтынның жоғары бағасы, сондай-ақ сыртқы резервтердің жеткілікті деңгейі Қазақстанға ықтимал шоктарды табысты еңсеруге мүмкіндік береді деп санайды", - делінген ҰБ хабарламасында.

Биыл ақпанда инфляция 8,7 пайызға жетті, бұл Ұлттық Банк орнатқан 4-6 пайыздық дәлізден жоғары. 2022 жылы S&P ЖІӨ өсімі 2 пайыздық деңгейді құрайды деп болжаған. Агенттік Ұлттық банктің дер кезінде іске асырған әрекетін, тұрақсыздық жағдайында бағалар тұрақтылығын сақтау мақсатында базалық мөлшерлемені 13,5 пайызға дейін көтергенін атады. Теңгедегі депозиттердің тартымдылығын сақтау мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын теңгелік депозиттерді қорғау механизмін қабылдады. Сондай-ақ, S&P пікірінше, ресейлік банктерге қолданылған санкциялар Қазақстандық екінші деңгей банктерінің қызметіне әсері шектеулі әсер ететінін алға тартты.

S&P пікірінше, қысқа мерзімдік перспективада кредит рейтингінің динамикасы КҚК-ны қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі мен сыртқы экономикалық қызметті қолдауға байланысты болады, ал ұзақ мерзімдік перспективада рейтинг мемлекеттік институттардың саясатын одан әрі жетілдіру мен бизнес-ортаны жақсартуға тәуелді болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети