Тоқаев Президент Әкімшілігінде тағайындау жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Президент Әкімшілігінде тағайындау жүргізді gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының түлегі. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 25 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети