Тоқаев тапсырмасымен геологтар мемлекеттік марапатқа ие болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
t.me/KZgovernment t.me/KZgovernment

Кәсіби мереке – Геолог күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кәсіби мереке – Геолог күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов геология саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл Геолог күні Еңбек адамы жылы аясында аталып өтіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет геология саласы өкілдерінің еңбегін бағалау мақсатында "Қазақстанның еңбек сіңірген геологы" атты жаңа құрметті атақ тағайындалды.

"Биыл елімізде алғаш рет геологтарға арналған мемлекеттік награда енгізілді. Бұл – Мемлекет басшысының ел экономикасының дамуына қосқан үлестеріңізге берген жоғары бағасы. Әсіресе, өз тәжірибесі мен білігін жас мамандарға үйретіп жүрген сала ардагерлеріне алғысымыз шексіз", – деді Олжас Бектенов құттықтау сөзінде.

Ол еліміз экономикасында геологияның орны ерекше екенін атап өтті.

2024 жылы Қазақстан аумағының геологиялық зерттелуі 2 миллион шаршы шақырымнан асты, бұл – елдің жалпы аумағының шамамен 74 пайызы. Өткен жылы мемлекеттік геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 38 жаңа перспективалы кен орны анықталды. Ал биыл Қарағанды облысындағы Құйрыктыкөл учаскесінен 800 мың тоннадан астам сирек кездесетін жер металдары қоры табылды. Жоспарлы ресурстар ішінде церий мен лантаноидтар 935 мың тоннадан астам деп бағаланып отыр.

Олжас Бектеновтің айтуынша, қазіргі таңда Президент тапсырмасымен геологиялық қауымдастық алдында көмірсутек ресурстарын терең зерттеу міндеті тұр. Қазақстанда 15 шөгінді алап бар, соның ішінде ең ірісі – Каспий маңы алабы, ол елдің ресурс базасының шамамен 80 пайызын қамтиды. Аз зерттелген алаптарды игеру – инвестиция тарту мен ресурстарды арттыруда үлкен мүмкіндік.

Салаға білікті мамандар даярлау да басты назарда. Университеттер білім беру бағдарламаларын өндірістік тәжірибемен біріктіріп, студенттер мемлекеттік геологиялық зерттеу нысандарында тәжірибеден өтіп жатыр. Соңғы екі жылда түлектер саны екі еседен аса өсті.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап геологиялық жұмыстарға мемлекеттік қаржыландыру көлемі артады. Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен геология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін төмендегі азаматтар марапатталды:

"Қазақстанның еңбек сіңірген геологы" құрметті атағы:

Битимбаев Марат – К. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы
Дәукей Серікбек – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Алматы қаласы
"Құрмет" ордені:
Әбілхасымов Хайырлы – К. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы
Батыров Әбілқасым – еңбек ардагері, Орал қаласы
Бижанов Аширали – еңбек ардагері, Алматы қаласы
Жуков Николай – қара және түсті металдар зертханасының бас ғылыми қызметкері, Алматы
Күкеева Рахат – "Бақыршық тау-кен кәсіпорны" ЖШС жетекші геологы, Абай облысы
Мәтишеv Талғат – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС геология басқармасы бас геологының орынбасары, Қарағанды
Мусиева Бақытгүл – "Geotek" ЖШС жетекші геологы, Қарағанды
Николайенко Александр – "Qarmet" АҚ Т. Күзембаев атындағы шахтаның бас геологы, Қарағанды
Руснак Валерий – еңбек ардагері, Түркістан облысы
"Еңбек Даңқы" ІІІ дәрежелі ордені:
Светличный Андрей – "Professional Geo Solutions Kazakhstan" ЖШС бас геофизигі, Алматы қаласы
"Ерен еңбегі үшін" медалі:
Байсалова Ақмарал – К. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жанындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының қауымдастырылған профессоры, Алматы
Исмаилова Гүлшат – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ геология және барлау департаментінің бөлім басшысы, Маңғыстау облысы
Комарова Наталья – "Центргеолсьемка" ЖШС геологы, Қарағанды
Құрабаев Ерғали – "Ақпан" ЖШС бұрғылау шебері, Ақтөбе қаласы
Минаева Назигүл – "Геологиялық барлау колледжі" КМК директоры, Семей қаласы
Нигматова Саида – мезозой және кайнозой геологиясы зертханасының меңгерушісі, Алматы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.68  course down  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro