Тоқаев Ұлыбританияның Сыртқы істер министрін қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Akorda.kz Akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Ұлыбритания министріне ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін оның бүгінгі сапарының мәні зор және өңірлік ауқымдағы маңызды оқиға екеніне назар аударды.

"Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін береді. Мен Сіздің жақында Сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзіңізді тыңдадым. Онда Ұлыбританияның сыртқы саясаттағы ұзақ мерзімді ұстанымы қамтылды және шын мәнінде, өте маңызды мәселелер айтылды", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

"Біздің ынтымақтастығымыз, әсіресе, экономика және саяси салаларда өте табысты деп баға бергім келеді. Өзара байланыстарымыздың оң бағытын одан әрі ілгерілету үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек", – деді Президент.

Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Риши Сунаққа сәлемі мен ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ Ұлыбритания Үкіметінің басшысын елімізге өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сапармен келуге шақырды. Бұл сапар екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған бірқатар нақты мәселені талқылауға жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Джеймс Клеверли Астана мен Лондон арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Ұлыбритания Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды оң бағалайды.

"Сіздің еліңіз – аймақтағы біздің негізгі сауда серіктесіміз. Экономикалық өсімге бағытталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеу үшін жақсы мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан салық саласындағы реформалар бағдарламасы өзара тиімді экономикалық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын", – деді Ұлыбритания министрі.

Сонымен қатар кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джеймс Клеверли өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro