“Топассың ба өзі?!“ - Дөрекі сөйлеген ҚТЖ басшысының видеосы желіде тарады

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Топассың ба өзі?!“ - Дөрекі сөйлеген ҚТЖ басшысының видеосы желіде тарады кадрлер видеодан

Әлеуметтік желілерде онлайн жиналыс кезінде боқауыз сөз айтып, ашулы күйде сөйлеген КТЖ басшысының видеосы тарады. Ролик желіде лезде тарап, көпшіліктің назарына ілікті. Бұл жағдайға қатысты "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде онлайн жиналыс кезінде боқауыз сөз айтып, ашулы күйде сөйлеген КТЖ басшысының видеосы тарады. Ролик желіде лезде тарап, көпшіліктің назарына ілікті. Бұл жағдайға қатысты "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мәні

Instagram мен Threads желілерінде тараған видеода бір ер адам, болжам бойынша ҚТЖ қызметкері, жұмыс мәселесін ашулы әрі дауыстап түсіндіріп жатыр. Оның сөздері бейәдеп лексикаға толы. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл адамды "ҚТЖ – Жүк тасымалы" компаниясының топ-менеджері деп болжады.

ҚТЖ не дейді?

Компанияның баспасөз қызметі видеоға байланысты пікір білдірді.

"Компанияның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі – іскерлік этика қағидаларын сақтау мен жауапты мінез-құлық. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасарымен этика және мінез-құлық кодексін сақтау маңыздылығы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сонымен бірге, оның эмоциялық реакциясы қызметкер тарапынан орын алған қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірген өрескел бұзушылықтарға байланысты болғанын атап өткен жөн", – делінген компания жауабында.

Қоғамның реакциясы

Видео әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Пікір қалдырғандар екіге жарылды: бірі басшының дөрекі сөйлеуін сынға алса, енді бірі оны жақтап шықты.

Көптеген қолданушылар тіпті қиын жағдайда да мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтінін, әсіресе ресми кездесулерде басшы іскерлік әдебі мен сабырын сақтауы керектігін жазды.

"Сөйлеу форматы даулы, бірақ кейде жұмыс істейтін "жекелеген тұлғаларға" осылай айту ғана әсер ететін сияқты"; "Қоғамдық орында боқауыз сөз айтуға тыйым салатын заң бар. Уайымдап отырғаны түсінікті, бірақ өзгелерге де құрмет болуы керек",-деп жатты.

Сонымен қатар, кейбір қолданушылар ер адамның қатты сөйлегеніне қарамастан, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтынын, қауіпсіздік үшін шын алаңдап тұрғанын атап өтті.

"Тағы қалай сөйлесін? Бұл – темір жол. Әбден орынды айтқан. Басшы жарайды"; "Толық келісемін. Айтқаны нақты және орынды", – деп жазды олар.

Айта кетейік, видео әлеуметтік желілерде әлі де кең тарап, қызу талқыланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети