Трамп: АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасады

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп:  АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасады Фото:depositphotos.com

АҚШ Әуе күштері Ирандағы үш ядролық нысанға соққы жасады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Әуе күштері Ирандағы үш ядролық нысанға соққы жасады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Трамптың айтуынша, соққы жасалған нысандардың бірі - жер астындағы Фордо кешені.

"Біз Ирандағы үш ядролық нысанға, оның ішінде Фордо, Натанз және Исфаханға өте сәтті соққылар жасадық. Негізгі нысан - Фордоға толық бомба жиынтығы тасталды. Біздің ержүрек америкалық сарбаздарымызды құттықтаймын. Мұндай әрекет қолынан келетін армия жоқ", - деп жазды Трамп.

Сондай-ақ, ол америкалық ұшақтар Иран әуе кеңістігінен шыққанын және АҚШ-қа қайтып бара жатқанын хабарлап, "Бейбітшілік уақыты туды!" деді.

Тағы бір жазбасында Трамп "Фордо енді жоқ" деп жазды.

Axios порталы Израиль шенеунігіне сілтеме жасап, Трамп әкімшілігі Иранға жасалатын соққы туралы алдын ала Израильді құлағдар еткенін хабарлады.

Бұған дейін Трамп Иранға соққы жасау туралы шешімді екі апта ішінде қабылдайтынын мәлімдеген еді, ал АҚШ вице-президенті бұл соғысқа тікелей қатысуға қарсы екенін айтқан.

АҚШ-тың Иран нысандарына жасаған әуе шабуылдары Израиль мен Иран арасындағы бір аптадан аса уақытқа созылған әуе қақтығыстары аясында жүзеге асты. Қақтығыстар салдарынан екі елде де қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети