Трамп Гренландияға қатысты АҚШ-қа қарсы шыққан 8 елге баж салығын енгізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Гренландияға қатысты АҚШ-қа қарсы шыққан 8 елге баж салығын енгізді The White House

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны АҚШ-тың бақылауына алу жоспарына қарсы болғаны үшін Еуропаның сегіз еліне 10 пайыз кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Жаңа тариф 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланд және Финляндияға қатысты қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

АҚШ президенті 1 ақпаннан бастап бұл елдерден АҚШ-қа экспортталатын барлық тауарға 10 пайыз кедендік баж енгізілетінін, ал 1 маусымнан бастап бұл мөлшер 25 пайызға дейін өсетінін айтты.

"Біз көп жыл бойы Данияны, Еуропалық одақтың барлық елін және басқа да мемлекеттерді олардан кедендік баж немесе қандай да бір өзге төлемақы алмай-ақ субсидиялап келдік. Енді, ғасырлар өткен соң, Данияның жақсылыққа жақсылықпен жауап беретін уақыты келді - таразы басында бүкіл әлемдегі бейбітшілік тұр!" - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Ол сондай-ақ: "Бұл кедендік алым Гренландияны толық әрі сөзсіз сатып алу туралы келісімге қол жеткізілгенге дейін төленетін болады", - деп қосты.

Трамп "Қытай мен Ресей Гренландияны иемденгісі келеді" деген ескертуін тағы да қайталап, "Дания бұған қатысты ештеңе істей алмайды" деп мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп Гренландияға бақылау орнату жоспарына қарсы шығатын елдердің тауарларына баж салығын енгіземін деп қорқытқан болатын.

Америка көшбасшысының айтуынша, Гренландия "ұлттық қауіпсіздік үшін қажет".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети