Трамп Мадуроның USS Iwo Jima кемесіндегі суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Мадуроның USS Iwo Jima кемесіндегі суретін жариялады truthsocial/@realDonaldTrump

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Венесуэла лидері Николас Мадуроның ұрланғаннан кейінгі алғашқы фотосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Венесуэла лидері Николас Мадуроның ұрланғаннан кейінгі алғашқы фотосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Николас Мадуро USS Iwo Jima кемесінің бортында", - деп жазылған.

Фотода Мадуро сұр түсті спорт киіммен отыр, бетінде қара бетперде бар, қолында бөтелке ұстап отыр.

truthsocial/@realDonaldTrump

Бұған байланысты CBS телеарнасының журналисі Дженнифер Джейкобс Николас Мадуро болуға тиіс әскери ұшақ сенбіде Нью-Йорк штатындағы Стюарт халықаралық әуежайына қонады деп күтелітінін хабарлады. Журналист бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазып, Венесуэла көшбасшысы АҚШ-тың федералдық билік органдарына тапсырылатынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети