Трамп пен Путин келіссөзінің басталу уақыты белгілі болды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп пен Путин келіссөзінің басталу уақыты белгілі болды Фото:depositphotos.com

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Аляскаға сапарының кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Аляскаға сапарының кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кестеге сәйкес, БАҚ хабарлағандай, Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі 15 тамызда жергілікті уақытпен сағат 11:00-де (Астана уақытымен 00:00) басталуы керек.

Трамп пен Путин келіссөздері

Аляскада 15 тамызда Ресейдің Украинаға толық ауқымды шабуылынан кейінгі АҚШ пен Ресей президенттерінің алғашқы кездесуі өтеді. Трамп пен Путин саммитті Анкоридждегі Элмендорф-Ричардсон АҚШ Әуе күштері әскери базасында өткізеді.

Ресей лидері көмекшісі Юрий Ушаковтың мәліметінше, келіссөздер аудармашылар қатысатын Трамп пен Путиннің жеке кездесуінен басталады. Содан кейін келіссөздер делегациялар форматында жалғасып, соңында жұмыс таңғы асы өтеді.

Ресей делегациясына мыналар кіреді: сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Юрий Ушаков, қорғаныс министрі Андрей Белоусов, қаржы министрі Антон Силуанов және Ресей президентінің шетелдік инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев.

Келіссөздер аяқталған соң президенттер бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді. Негізгі тақырып – "Украинадағы жағдайды реттеу", соның ішінде 6 тамыздағы Кремльдегі АҚШ арнайы өкілі Стивен Уиткофф қатысқан талқылаулардың нәтижелері ескеріледі.

Сондай-ақ, келіссөздерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде сауда-экономикалық сала мәселелері де қарастырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети