Трамптың қоқан-лоққыларына жауап ретінде Иранда елдің Қорғаныс кеңесі құрылмақ

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамптың қоқан-лоққыларына жауап ретінде Иранда елдің Қорғаныс кеңесі құрылмақ Масуд Пезешкиан. Иран президенті кеңсесінің баспасөз қызметі

Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ЖҰҚК) жаңа арнайы орган – Елдің Қорғаныс кеңесін құру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ЖҰҚК) жаңа арнайы орган – Елдің Қорғаныс кеңесін құру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ЖҰҚК мәлімдемесіне сәйкес, бұл кеңес елдің сыртқы қауіп-қатерлерден қорғанысын қамтамасыз ету, қорғаныс жоспарларын әзірлеу және қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттыру мәселелерімен айналысады.

Кеңесті Иран президенті Масуд Пезешкиан басқарады. Оның құрамына сот билігінің басшысы, парламент спикері, жоғары әскери лауазымды тұлғалар мен бірқатар министрлер кіреді.

Қорғаныс кеңесін құру туралы шешім Иран төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне, атап айтқанда АҚШ президенті Дональд Трамптың Тегеран ядролық нысандарын қайта іске қосқан жағдайда соққы жасау туралы қоқан-лоққыларына жауап ретінде қабылданды.

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бұған жауап ретінде егер агрессия қайталанса, Тегеран батыл жауап беретінін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети