Тұман, жауын-шашын, боран: 7 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұман, жауын-шашын, боран: 7 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 7 желтоқсанда солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын, боран соғады, көктайғақ, ал оңтүстікте тұман түседі деп болжанады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 7 желтоқсанда солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын, боран соғады, көктайғақ, ал оңтүстікте тұман түседі деп болжанады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана - бұлтты, кей кезде қар жауады, боран соғады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аяз. Қар жауады, боран соғады, көктайғақ.

Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.

Шымкент - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 10-12 градус жылы.

Ақмола облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, күндіз шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-6 градус аяз. Көкшетау - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады. Көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аяз.

Алматы облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін, облыстың таулы аудандарында 6-11 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0-5 градус аяз. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Жетісу облысы - түнде облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), облыстың таулы аудандарында аз қар жауады, күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың таулы аудандарында 9-14 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0-5 градус аяз. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Түркістан облысы - түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 5 градус аяз, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 4 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі. Жел шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус, күндіз 8-10 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысып секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін. Орал - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батысқа ауысып секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Атырау облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін. Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Маңғыстау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), тұман түседі, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс бағыттан 9-14, облыстың солтүстік-батысында, шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, облыстың солтүстігінде 5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Түнде және таңертең көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

Ақтөбе облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында аздаған қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Жел батыс, солтүстік-батыс бағыттан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 4 градус аяздан 1 градус жылуға дейін. Ақтөбе - бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыс бағыттан секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз.

Қостанай облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, күндіз қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында боран соғады, көктайғақ. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың оңтүстік-шығысында 9 градус, күндіз 1-6 градус аяз. Қостанай - бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз қар жауады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 1-3 градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған қар жауады, боран соғады, көктайғақ, күндіз қар жауады, боран соғады, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-6 градус аяз. Петропавл - бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз қар жауады. Көктайғақ. Жел батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 2-4 градус аяз.

Павлодар облысы - облыстың солтүстігінде, батысында қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, облыстың солтүстігінде 8 градус, күндіз 0-5 градус аяз. Павлодар - көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз.

Қарағанды облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, көктайғақ, боран соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, облыстың шығысында 10 градус, күндіз 0-5 градус аяз. Қарағанды - көшпелі бұлтты, аздаған қар жауады, көктайғақ, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 1-3 градус аяз.

Ұлытау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 1 градус аяздан 4 градус жылуға дейін. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, боран соғады, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 13-18 градус аяз, күндіз 0-5 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 8 градус аяз. Өскемен - бұлтты, қар жауады, көктайғақ. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 0-2 градус аяз.

Абай облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, боран соғады, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың шығысында 9 градус аяз, күндіз 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін, облыстың шығысында 6 градус аяз. Семей - бұлтты, түнде қар жауады, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 0-2 градус аяз.

Қызылорда облысы - түнде облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ, күндіз облыстың батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батысқа ауысып секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус, облыстың солтүстігінде 9 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, облыстың шығысында, оңтүстігінде 3-8 градус жылы. Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кезде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батысқа ауысып секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Жамбыл облысы - түнде облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қар жауады, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады), көктайғақ. Кей кезде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14, облыстың таулы аудандарында 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылуға дейін, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 7 градус аяз, күндіз 6-11 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кезде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылуға дейін, күндіз 8-10 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети