“Тура жолдан тайдырды“. Жапаров Тәшиевтің қызметтен босатылуын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Тура жолдан тайдырды“. Жапаров Тәшиевтің қызметтен босатылуын түсіндірді president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті неліктен қызметінен босатқанын тағы бір мәрте түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті неліктен қызметінен босатқанын тағы бір мәрте түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҰҚМК басшысы қызметінен босату туралы шешім қабылдамас бұрын досыма қоңырау шалып, осында болып жатқан жағдайды түсіндіріп, оны қызметінен босататынымды хабарладым, содан кейін шешім қабылдадым", - деді Садыр Жапаров "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында.

Қырғызстан президентінің айтуынша, осы шешімнің арқасында керісінше досын құтқарған.

"Өйткені оның қасында жүргендер, оларды "ақсақалдар" дейміз бе, "көксақалдар" дейміз бе, әйтеуір олар досымды тура жолдан тайдырды. Олар Қамшыбек Тәшиевтің атынан Парламент депутаттарына, жауапты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ, қоғамда танымал адамдарға "генералдың жағына көшіңіз" деген әңгімелер айта бастады", - деді Жапаров.

Оның сөзінше, Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатпаса, бұл мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасында, қоғам арасында алауыздыққа әкеп соғуы мүмкін еді.

"Сондықтан досымды қызметінен босату туралы шешім қабылдауға тура келді. Мен үшін мемлекеттегі тұрақтылық бәрінен маңызды", - деді Садыр Жапаров.

Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған.

Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Еуропада емделгені де айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
@tapeWidget()

Валюта бағамы

 494.51  course up  588.11  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети