Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

2025 жыл – елімізде "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл шешім еңбек нарығындағы сұранысты ескеріп, техникалық және кәсіптік білім беруді күшейту мақсатында қабылданды. Түркістан облысы бұл бастаманы қолдап, жастарға кәсіптік бағдар беру, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және еңбек нарығына қажетті жаңа мамандықтарды енгізу бағытында жүйелі жұмыстар атқарып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі аталған тақырып аясында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбековамен сұхбаттасты. Спикеріміз өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар, дуалды оқыту жүйесінің ерекшеліктері, колледждерде жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалар және түлектерді жұмыспен қамту бойынша қолға алынған шаралар туралы кеңінен айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2025 жыл – елімізде "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл шешім еңбек нарығындағы сұранысты ескеріп, техникалық және кәсіптік білім беруді күшейту мақсатында қабылданды. Түркістан облысы бұл бастаманы қолдап, жастарға кәсіптік бағдар беру, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және еңбек нарығына қажетті жаңа мамандықтарды енгізу бағытында жүйелі жұмыстар атқарып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі аталған тақырып аясында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбековамен сұхбаттасты. Спикеріміз өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар, дуалды оқыту жүйесінің ерекшеліктері, колледждерде жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалар және түлектерді жұмыспен қамту бойынша қолға алынған шаралар туралы кеңінен айтып берді.

2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтар жылы" болып жариялануының негізгі мақсаты қандай?

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жыл елімізде "Жұмысшы мамандықтар жылы" болып жарияланды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – ел экономикасын дамыту үшін білікті жұмысшы кадрларын даярлау, жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтардың мәртебесін көтеру. Сонымен қатар, кәсіптік-техникалық білім беруді жетілдіру арқылы өндірістік сектор мен қызмет көрсету саласын маман кадрлармен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл жыл аясында мемлекеттік қолдау шаралары күшейтіліп, колледждер мен өндіріс орындары арасындағы әріп естік байланыстар нығайтылады.

Түркістан облысында "Жұмысшы мамандықтар жылын" өткізу жөніндегі өңірлік жоспар қандай негізгі бағыттардан тұрады?

– Облыс көлемінде "Жұмысшы мамандықтар жылын" жүзеге асыру үшін арнайы өңірлік жоспар әзірленді. Жоспар 7 негізгі бағыт пен 64 нақты қадамнан тұрады. Олардың ішінде төмендегідей маңызды бағыттар қамтылған: Кәсіптік бағдар беру: мектеп оқушылары арасында жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, кәсіптік бағдар беру кабинеттері ашылады. Жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру: дуалды оқыту жүйесін кеңейту, жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнату. Жұмысшы мамандықтарының имиджін көтеру: кәсіптік шеберлік конкурстарын, өндіріс орындарындағы тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру. Колледждердегі инфрақұрылымды жақсарту: заманауи құрал-жабдықтармен қамту, инновациялық зертханалар ашу. Еңбек нарығына бейімделген жаңа мамандықтар ашу: аймақтың индустриялық-экономикалық даму бағытына сәйкес жаңа оқу бағдарламаларын енгізу. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау: стартап жобаларға қаржылай қолдау көрсету, бизнес-инкубаторлар ашу.

Облыста техникалық және кәсіптік білім беру саласында қанша колледж жұмыс істейді?

– Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда өңірде 50 колледж жұмыс істейді, олардың 28-і мемлекеттік, 22-сі жекеменшік. Бұл колледждерде түрлі бағыттағы жұмысшы мамандықтары бойынша білікті кадрлар даярланып жатыр. Мемлекеттік колледждер тегін білім берумен қамтылған және студенттерге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі. Оның ішінде ауылшаруашылық саласы мамандарын – 10 (9 – мемлекеттік, 1 - жекеменшік), қызмет көрсету және туризм саласы мамандарын – 3 (3 – мемлекеттік), құрылыс саласы бойынша мамандарды – 11 (9 – мемлекеттік, 2 - жекеменшік) колледждер даярлауда. Бүгінгі таңда 75 мамандық бойынша 45 530 (оның ішінде 32 383 мемлекеттік тапсырыс) студент білім алуда (мемлекеттікте – 28 585, жекеменшікте – 16 945). 30 колледжде жұмысшы мамандар даярланады, студенттер саны – 16 100. Ағымдағы 2024-2025 оқу жылында 15 525 мемлекеттік тапсырыс орналастырылған, оның ішінде 8 678-і жұмысшы мамандықтары. 2025-2026 оқу жылына 15 500 мемлекеттік тапсырыс жоспарланған соның ішінде жұмысшы мамандықтарының санын 9 500-ға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

Қазіргі таңда қанша студент жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатыр?

– 2024-2025 оқу жылында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 16 100 студент жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатыр. Бұл жастардың жұмысшы саласына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Колледждерде білім беру үдерісі заманауи талаптарға сәйкес жаңартылып, студенттерге практикалық дағдыларды меңгеруге басымдық беріледі. Сонымен қатар, өндірістік тәжірибелер кәсіпорындармен бірлесіп ұйымдастырылады.

2025-2026 оқу жылына жұмысшы мамандықтарына қанша мемлекеттік тапсырыс жоспарланған?

– 2025-2026 оқу жылына Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарына бөлінетін мемлекеттік грант саны 9 500 орын болып бекітілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 822 орынға артық. Мемлекеттік тапсырысты ұлғайту – жұмысшы кадрларды даярлау сапасын арттыру мен нарықтың қажеттілігіне жауап беру мақсатында жасалып отырған қадам. Мемлекеттік грант иегерлері тегін білім алу мүмкіндігімен қатар, шәкіртақы, жатақханамен қамтамасыз ету секілді әлеуметтік қолдауға ие болады.

Студенттерге қандай әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған?

– Мемлекет жұмысшы мамандықтарын таңдаған студенттерге айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетеді. 2025 жылы төмендегідей көмек түрлері қарастырылған: Мемлекеттік грант иегерлері үшін оқу ақысы толық төленеді (орташа грант құны – 480 331 теңге).

  • Ай сайынғы шәкіртақы мөлшері – 43 575 теңге (үздік студенттерге – 50 110 теңге).
  • Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге – 56 646 теңге.
  • Көз және құлақ мүгедектігі бар студенттерге – 75% қосымша көмек.
  • Киім-кешекке жылына 2 рет 200 000 теңге беріледі.
  • Жол жүру ақысы ретінде жылына екі рет 8 000 теңге қарастырылған.
  • Жатақхана немесе жалдамалы тұрғын үй шығындарын өтеуге қосымша көмек көрсетіледі.

Колледждерде студенттерге қандай кәсіптік бағдар беру шаралары өткізіледі?

Кәсіптік бағдар беру – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтерудің негізгі бағыттарының бірі. Облыста 9-11 сынып оқушыларына арналған мынадай кәсіптік бағдарлау шаралары жүзеге асырылады: Мектептерде кәсіптік бағдар беру бұрыштары ашылып, мамандықтар туралы толық ақпарат беріледі. Кәсіпорындармен бірлесіп "Ашық есік күндері" өткізіледі. Оқушыларға колледждер мен өндірістік орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады. Мамандар мен табысты жұмысшылардың қатысуымен кәсіби бағдар беру семинарлары өткізіледі. Оқушыларға арналған "Мамандықтар жәрмеңкесі" ұйымдастырылады. Ата-аналармен кездесулер өткізіліп, жұмысшы мамандықтары туралы толыққанды ақпарат беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro