Түркістан облысында көлігіне жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында көлігіне жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жазаланды

Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Telegram-дағы парақшалардың бірінде Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба анықталды.

Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тас жолында болғаны анықталды. Көлік иесі - Шымкент тұрғыны, жас жігіт.

Жас жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети