Түркістан полициясы ауруханадан қашқан сотталушыны ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан полициясы ауруханадан қашқан сотталушыны ұстады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысының полициясы үш күн бұрын медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полициясы үш күн бұрын медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қашқын Түркістанда танысының үйінде ұсталған.

"Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажет процестік шаралар жүргізіліп жатыр. Соталды тергеу амалдары басталды", - деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Істің мән-жайы

23 қазанда Түркістандағы ауруханада ем алып жатқан сотталушы медициналық мекемеден қащшып кеткен. БАҚ мәліметінше, ол несиесін өтеген тұтынушыларға кепілге қойған үйлерін қайтара алмаған микрокредит ұйымына қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған.

Қашқынды іздеу және ұстау үшін полицияның бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды.

Бұған дейін Талдықорғанда 17 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети