Түркістандағы Ясауи кесенесі аллеясында көлікпен жүрген жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістандағы Ясауи кесенесі аллеясында көлікпен жүрген жүргізуші жазаланды видеодан алынған кадр

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің бейнежазбасын анықтады. Ол көлік жүруге болмайтын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдындағы аллеяда Hyundai Sonata автокөлігімен жүріп өтіп, жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан полиция басқармасының қызметкерлері дереу іздестіру шараларын жүргізіп, көлікті айдаған жас жігітті анықтады. Ол Сауран ауданының тұрғыны болып шықты.

"Жүргізуші кесене маңындағы тамақтану орнынан шығып, жол қысқарту ниетімен заңды бұзған. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта қайталамайтынын айтқан".

Қазіргі таңда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе оның тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, көгалдарда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оның тоқтап тұруы) бойынша хаттама толтырылып, көлік айыптұраққа қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети