“Туыс болғаны үшін емес“. Дархан Сатыбалдыға Түркістан әкімі туралы сұрақ қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Туыс болғаны үшін емес“. Дархан Сатыбалдыға Түркістан әкімі туралы сұрақ қойылды Фото:gov.kz

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 33 жастағы Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әкімі қызметіне қандай еңбегі үшін тағайындалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл сұрақты журналист ОКҚ-дағы брифинг барысында қойды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 33 жастағы Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әкімі қызметіне қандай еңбегі үшін тағайындалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл сұрақты журналист ОКҚ-дағы брифинг барысында қойды.

"Жақында Түркістан қаласының әкімі болып 33 жастағы Әзімбек Пазылбекұлы тағайындалды. Бұрын БАҚ-та бұл азаматтың Сапарбаев-Нәлібаев әулетінен шыққаны туралы ақпарат тарады. Осы 33 жастағы азаматтың әкім болуға қандай еңбегі бар, ол бұл лауазымға лайық па?" - деп сұрады журналист.

Дархан Сатыбалды Әзімбек Пазылбекұлының мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың отбасына қатысы бар екенін білмегенін айтты.

"Біз оны Сапарбаев пен Нәлібаевтың туысы болғаны үшін емес, оның кәсіби тәжірибесіне сүйеніп, Түркістан қаласының әкімі қызметіне шақырдық. Оның тіпті фамилиясы да басқа", - деді Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, Түркістанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында көптеген мәселелер бар. Жаңа әкімнің бұл мәселелерді шешуге қабілетті екенін атап өтті.

"Түркістанның тұрғын үй-коммуналдық мәселелерін шешу үшін республикалық органдармен жұмыс істеу қажет, өйткені біз республикалық бюджетке тәуелдіміз. Бұл адам Құрылыс және ТҮКШ комитетінде 10 жыл қызмет еткен, оның бір жылын басшылықта өткізген. Сондықтан біз оны осы жұмысқа шақырдық. Оның Сапарбаев-Нәлібаев әулетінен шыққанын білгенде, керісінше, қуандық. Өйткені ол өз есімін абыроймен танытып, жұмысты жауапкершілікпен атқарып, қаланың дамуына үлес қосады деп сенеміз", - деді Дархан Сатыбалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети