27 мамыр 2023 11:46

ҰБТ-ны алғашқы аптада 40 мыңнан астам талапкер тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰБТ басталғалы шекті балды 76 пайызға жуық талапкер жинады. Орташа балл - 68. Ең жоғары балл – 137.

"Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді. Естеріңізге салсам, тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20% пайызы "Математика-Физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 14 пайызы "Биология-Химия" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – "Химия-Физика", оны 50 адам тапсырған", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

ҰБТ-ға бірінші аптада ерекше білім беру қажеттіліктері бар 108 талапкер қатысқан.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде пайда болады.

Бүгінгі таңда 50 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 39 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 477.03   490.7   5.38 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети