ҰҚК көлік вице-министрінің ұсталғанын растады

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК көлік вице-министрінің ұсталғанын растады Фото:gov.kz

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтің ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтің ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алу күдігімен Көлік вице-министрін ұстады және ол сот санкциясымен қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, Сатжан Аблалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат 2 тамызда жария болды. Ол пара алды деген күдікке ілінген.

Сатжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ көлік және коммуникация университетін тәмамдаған.

Ол 2023 жылдың қазан айынан бастап көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети