ҰҚК мен ІІМ ауқымды операция жүргізді: 20 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК мен ІІМ ауқымды операция жүргізді: 20 адам ұсталды Видео кадры

Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ішкі істер министрлігімен арнайы операция жүргізіп, 20 адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ішкі істер министрлігімен арнайы операция жүргізіп, 20 адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 ақпанда ҰҚК ІІМ-мен бірге және Бас прокуратураның үйлестіруімен қару сақтау мен сатуға, бопсалауға, ұрланған автокөліктерді "заңдастыруға" және өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың әрекетін тоқтатуға бағытталған арнайы операция өткізген.

"Іс-шаралар бір мезетте Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Абай мен Жетісу өңірлерінде жүргізілді. 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Тінту барысында күдіктілерден қару, оқ-дәрі, есірткі заттары, қомақты ақша және басқа да айғақ заттар тәркіленген.

Қазір соталды тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети