ҰҚК: Оңтүстік аймақтың қылмыстық көшбасшысы сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

ҰҚК ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК тамыз айындағы материалдар негізінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аймақтағы қылмыстық ортаның жетекшілерінің біріне үкім шығарды.

"Ол кісі өлтіруге әрекеттенді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Көрсетілген қылмыстық іс бойынша тергеудің тағы бір қатысушысы сот шешімін күтуде. Жалпы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен республиканың бірқатар өңірінде 15 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. 60 адам, оның ішінде деструктивті діни ағымдардың өкілдері, жергілікті және шетелдік қылмыскерлер, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Олар кісі өлтіруге әрекеттенді, қылмыстық топты басқарды және оған қатысты қарақшылық жасады, бопсалады, есірткіні заңсыз сақтады, қару-жарақпен айналысты, адамды ұрлады, сондай-ақ заңсыз құмар ойындар бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен айыпталуда.

"20-дан астам атыс және жарақат салатын қару тәркіленді. Қылмыстық топтардың 5 қатысушысы сот органдарының шешімімен түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен сот процестері жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer