ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі мәліметінше, Дархан Ділманов сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеген.
"Сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды", - деп жазылған ІІМ ҚАЖК жауабында.
Еске салайық, 2022 жылы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы ұсталды.
Сол жылы сәуірде Дархан Ділманов ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2015 жылғы шілдеден бастап атқарды.
2023 жылы қыста Дархан Ділманов билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталғаны белгілі болды. Сот оған мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!