ҰҚК ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады instagram.com/zhaksylyk_omar

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты соталды тергеп-тексеру басталды. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты соталды тергеп-тексеру басталды. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

13 ақпанда желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Сол кезде өңірлік әкімдік бұл жөнінде мәлімет жоқ екенін айтқан. Сондай-ақ, әкімдік өкілдері "әкім орынбасары денсаулық жағдайына байланысты уақытша еңбек демалысын алғанын" хабарлаған.

Редакция тілшісі шенеунікпен байланысуға тырысқанымен, ол қоңырауға жауап бермеді.

ҰҚК не дейді?

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеунікке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді", – делінген ведомствоның ресми сұрауға берген жауабында.

Алайда ҰҚК айыптаудың нақты мәнін және тергеу Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша жүргізіліп жатқанын ашып айтпады.

Айта кетейік, 11 ақпанда Жақсылық Омардың Instagram-дағы ресми парақшасында жазба жарияланған. Онда былтыр өңірдің әлеуметтік саласында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланған жұмыс кеңесінің өткені жазылған.

Шенеунік әлеуметтік желілерде белсенді, атқарып жатқан жұмысы туралы оқырмандарына жиі ақпарат беріп отырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course up  582.69  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети