19 қаңтар 2022 | 15:09

ҰҚШҰ әскері Қазақстаннан толығымен кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті басшысы Олжас Құсайынов ҰҚШҰ әскерлерін Қазақстаннан шығару толық аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті басшысы Олжас Құсайынов ҰҚШҰ әскерлерін Қазақстаннан шығару толық аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бірлескен бітімгершілік контингенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 2 және 4-баптарына сәйкес серіктестерге көмек сұрап жүгіну негізінде елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстанға орналастырылғанын еске салды.

"Бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерін Қазақстан аумағынан шығару аяқталды. Жеке құрам мен техника тиелген соңғы әуе кемелері Алматыдан ұшып кетті. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ. ҰҚШҰ Біріккен бітімгершілік контингентін елден кезең-кезеңімен шығару Қазақстан Президенті Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап белгілеген мерзіміне сәйкес жүзеге асырылды", - деді Құсайынов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 513.05   541.44   4.69 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети