2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) төрағалық Қазақстан Республикасына өтті. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін айтқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) төрағалық Қазақстан Республикасына өтті. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін айтқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету міндеті Қазақстан Республикасына өтетінін мәлімдеді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қазақстан төрағалығы кезінде Ұйым қызметі бойынша ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты ұсынды.
"Бірінші, ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік саласында мүдделі елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату. Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның құрылымдарымен арада қалыптасқан ықпалдастық деңгейін сақтауға баса мән беруді ұсынамыз. Бұл жұмыс 2010 жылдың 18 наурызында ҰҚШҰ мен БҰҰ хатшылықтары арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы бірлескен декларация негізінде жүргізіледі. ТМД мен ШЫҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді құптаймыз. "ҰҚШҰ-ның ТМД-мен және ШЫҰ-мен ынтымақтастығын нығайту жөніндегі практикалық шаралар" атты құжатта оның нақты қадамдары айқындалған", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әскери ынтымақтастық мәселелері бойынша қарым-қатынас Ұйым қызметінің екінші маңызды бағыты ретінде ұсынылды. Қазақстан Президентінің пікірінше, ҰҚШҰ Ұжымдық күштерін жедел әрекет ету мәселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет.
"Бұл контингенттің кедергісіз әрі еш жерге аялдамай қозғалуына, әскери авиацияның ұшуына және тағы да басқа аспектілерге қатысты. Сонымен қатар әскери кадрларды даярлау жүйесін және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери-ғылыми қуатын дамытуды жалғастырған жөн. Ұйымның бітімгершілік әлеуетін арттыруға айрықша мән беру ұсынылады. Бұл ретте ҰҚШҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілінің қызметі зор рөл атқарады", - деді Мемлекет басшысы.
Қазіргі уақытта ҰҚШҰ құрамында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей және Тәжікстан кіреді. 2026 жылға дейін ұйымның бас хатшысы қызметін Иманғали Тасмағамбетов атқарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!