Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасады Тимур Сүлейменов/ ҰБ баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасады. Ол Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жүргізетін Taldau Talks подкасты эфирінде қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге қатысты мәлімдеме жасады. Ол Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жүргізетін Taldau Talks подкасты эфирінде қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүлейменовтің айтуынша, қоғамда қалыптасқан "Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені жоғары ұстау тиімді" деген пікір – қате.

"Көп жағдайда адамдардың, кәсіпкерлердің, сарапшылардың, тіпті депутаттардың да Ұлттық банкке базалық мөлшерлеменің жоғары болғаны тиімді деген пікірі бар. Бізге базалық мөлшерлеменің жоғары болуы мүлдем қызық емес. Өздеріңіз білесіздер, бізге қатты қысым жасалады. Бірақ біз үшін ең бастысы – тұрақтылық. Бұл – Үкімет пен кез келген орталық банктің өнері: нәтижені дәл қазір көрсету емес, "ұзақ нәтижеге" жұмыс істеу. Экономикалық даму - қазір бір сәттік өсім көрсетіп, содан кейін төмендеп кету емес, тұрақты, дәйекті әрі жүйелі даму. Бұл - спринт емес, марафон", – деді ол.

Сондай-ақ, Ұлттық банк басшысы келер жылы базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Оның айтуынша, мемлекет салық-бюджет саясатын қатаңдатқан жағдайда, ЖІӨ құлдырауын болдырмау үшін Ұлттық банк керісінше ақша-несие саясатын жұмсартуға тиіс.

Контекст

10 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерді.

Базалық мөлшерлеме – Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі құралы. Ол банктердің қандай пайызбен қарыз ала алатынын көрсетеді және халық пен бизнес үшін несиелер мен депозиттер бойынша пайыз мөлшерлемелерге едәуір әсер етеді.

Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлеме мен айырбас бағамы арқылы инфляция деңгейіне ықпал етеді. Базалық мөлшерлеме көтерілгенде, экономикадағы ақша "қымбаттайды" – несие мен қарыздар бойынша пайыздар өседі. Нәтижесінде кәсіп те, халық та аз жұмсап, көбірек жинай бастайды. Тұтынудың төмендеуі баға өсімін баяулатып, инфляцияны тежеуге ықпал етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети