Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Астанаға ұшып келді 18 наурыз 2023, 11:39

Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Джеймс Клеверли Астанаға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Джеймс Клеверли Астанаға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанға алғашқы сапары барысында Джеймс Клеверли сыртқы істер вице-министрі Роман Василенкомен кездесті.

Британиялық саясаткер Қазақстан Президентімен, Премьер-министрмен және басқа да министрлермен кездеседі деп жоспарланған. Ол Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті, оның ішінде сауда мен инвестицияларды, білім беруді, бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздікті, қаржы мен құқықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі бизнес, азаматтық қоғам және жоғары оқу орындарының өкілдерімен, сонымен бірге "Болашақ" және Chevening бағдарламаларының түлектерімен кездеседі және Елизавета II атындағы сквердің ашылуына қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram