Ұлытау облысында еліміздегі алғашқы геологиялық кластер салу жобасы іске асып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

2024 жылы Ұлытау облысында тұңғыш Геологиялық кластер жұмысын бастайды. Қазба жұмыстарының техникалық және кадрлық ресурстарын біріктіретін жоба жеке компанияның инвестициялық қаржысына жүзеге асырылуда. Құрылыстың жалпы құны шамамен 7 млрд.теңгені құрайды. Нысанның құрылысы аяқталған соң, онда 150 адам жұмыспен қамтылады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2024 жылы Ұлытау облысында тұңғыш Геологиялық кластер жұмысын бастайды. Қазба жұмыстарының техникалық және кадрлық ресурстарын біріктіретін жоба жеке компанияның инвестициялық қаржысына жүзеге асырылуда. Құрылыстың жалпы құны шамамен 7 млрд.теңгені құрайды. Нысанның құрылысы аяқталған соң, онда 150 адам жұмыспен қамтылады.

Құрылыс бұрынғы "Жезқазғангеология" геологиялық экспедициясының аумағында жүзеге асырылады.

Өңірдегі ірі геологиялық компания құрылыстың егжей-тегжейлі жоспарын әзірледі, тозығы жеткен және апатты ғимараттарды бұзып, ол жерлерде жұмыстар жүргізуде.

Жезқазған өңірінде минералды-шикізат қорын арттыру үшін геологиялық жұмыстарға 2022-2025 жылдары шамамен 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бүгінгі күні Ұлытау облысы бойынша 19 учаскеде барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол міндет жергілікті геологтарға жүктелген.

"Геологиялық кешен – Ұлытау облысы ғана емес, Қазақстан бойынша пайдалы болмақ. Себебі бұл – еліміздегі тұңғыш үлкен Геологиялық кластер. Ендігі жылдың бірінші тоқсанында құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы 150 орын жұмыс орны ашылады. Мыстан басқа да осы өңірде көптеген жер қазбалары бар. Соны ары қарай жетілдіріп, ғылыми жаңа тәсілдерді қолдануға осы орталық септігін тигізеді", - деп атап өтті Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

Жаңа жобаның сәтті жүзеге асуы – Жезқазған қаласының іргесіндегі Қабанбай батыр ықшам ауданының дамуына оң әсерін тигізеді. Қазірдің өзінде инвесторлардың қолдауымен ірілі-ұсақты мәселелер шешімін тауып отыр. 1 мыңнан астам тұрғыны бар ықшамауданда үйлердің тең жарымы көгілдір отынға қосылған. Жақында "Жайлы мектеп" бағдарламасы бойынша заманауи білім ордасының құрылысы басталды.

Шикізаттың бәрі терең орналасқан немесе басқа элементтермен қоспа ретінде келеді. Оның бәрін технологиямен бөліп алып шығу үшін ғылым керек. Сондықтан ол ғылымды дамыту қажет. Геологиялық кластер сондай оймен осы Жезқазған өңірінде құрылып жатыр.

Бұл жерден оқу ғимараттары, қызметкерлерге арналған жатақхана, геофизикалық зертхана және жер қыртысының сынамаларын сақтайтын қойма салынады. Өзге өңірлерден және шет елдерден үздік ғалымдар шақырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Ұлытау облысы әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro