28 тамыз 2023 20:34

Ұлытау облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасы талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 28 тамыз күні Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасы талқыланды.


Бүгін, 28 тамыз күні Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасы талқыланды.

Ұлытау облысы ҰКП филиалының төрайымы (Атамекен) Қаженова Гүлмира Изатуллақызы "ТехноГруппСервис" ЖШС (Әбенов Қанат Геннадьевич, Директор "ТГС-Констракшн" ЖШС, Момынбаев Жомарт Байзақұлы, Директор ТОО "ТГС-Энерджи") және SINOHYDRO Engineering Bureau 4 (Lanzhou) Machinery and Equipment Co Ltd (Вэй Хумин, Power China (Пауэр Чайна) өкілі) компанияларының өкілдерімен кездесті.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесуде Жезқазған қаласындағы өндіріс аумағында жел электр станциялары мұнараларының металл конструкцияларын өндіретін зауыт құрылысының жобаларын іске асыру мәселелері және Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасы талқыланды.

Кездесуде тараптар ЖЭК саласындағы отандық өңдеу индустриясын қолдау үшін қажетті бірқатар шараларды талқылады. Сондай-ақ Гүлмира Изатуллақызы болжамды өзгерістер салдарын талдау және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне түзетулер енгізу бойынша бірлескен жұмыс жүргізу қажеттігі туралы айтты.

Еске салайық, "ТехноГруппСервис" ЖШС - компаниялардың отандық инжинирингтік тобы. Ол жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асырумен айналысады. "ТехноГруппСервис" ЖШС - "жасыл" энергетика саласынан "Алтын Сапа" Президенттік сыйлығының бірінші лауреаты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Ұлытау облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети