Үндістанда танымал актер ұйымдастырған митингіде 36 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда танымал актер ұйымдастырған митингіде 36 адам қаза тапты Фото:depositphotos.com

Үндістанда Виджайдың митингінде адамдар тапталып, қайғылы оқиғада 36 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда Виджайдың митингінде адамдар тапталып, қайғылы оқиғада 36 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.

Тамилнад штатының денсаулық сақтау министрі Ма Субраманианның айтуынша, жарақат алғандар саны 40 адамға жетті. Қаза тапқандардың арасында сегіз бала бар.

Оқиға қалай басталды?

Тамиль киносының танымал актері Виджай өзінің 2024 жылы құрылған Tamilaga Vettri Kazhagam партиясының жиналыстарына мыңдаған адамды тартып жүр. Жергілікті БАҚ дерегінше, оқиға Виджайдың автобусына ұмтылған адамдар тобы құлап қалған сәтте басталған.

Актер автокөліктің төбесіне шығып, шөлдеген адамдарға су құйылған бөтелкелерді лақтырған. Жағдай ушыға бастағанда полициядан көмек сұраған.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди болған жайтқа байланысты көңіл айтты.

"Карурда өткен саяси митингідегі қайғылы жағдай жанымды қатты ауыртты. Қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын. Бұл ауыр сәтте оларға күш-жігер тілеймін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Актер де марқұмдардың туыстарына терең қайғырып, жарақат алғандарға шипа тілейтінін жеткізді.

"Жүрегім қан жылап тұр. Бұл қайғы мен азапты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Карурда көз жұмған бауырларымның отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын", – делінген оның үнді (тамил) тіліндегі жазбасында.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістанның Телангана штатында фармацевтикалық зауытта жарылыс болып, кемінде 36 адам қаза тапқан еді. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кезінде зауыт аумағында шамамен 90 адам болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети