Үндістанның сыртқы істер министрі Тоқаевты Үндістанға шақырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Үндістанның сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкарды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Үндістанның сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкарды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты күшейту бойынша Қазақстан мен Үндістан арасындағы көп жоспарлы байланыстарды дамытудың келешегін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Субраманиям Джайшанкармен әңгімелесу барысында Кеңеске мүше мемлекеттердің министрлерінің бүгінгі кездесуіне Үндістанның қатысқаны маңызды екенін айтып, ол елдің басшылығына Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіргені үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы министрге елімізде COVID-19-ға қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және оған гуманитарлық көмек көрсетуге Қазақстанның қосып отырған күш-жігері туралы айтты.

Сондай-ақ Президент екі ел арасындағы әуе байланысын қалпына келтірудің маңызды екенін, бұл Қазақстан мен Үндістан арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Үндістанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық Азия өңірін ынтымақтастықтың маңызды бағыты санайтынын Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модидің сәлемін жеткізді. Бұл ретте Үнді дипломаты өз елінің басшылығының Қазақстан Президентін келесі жылы Үндістанға сапармен келуге шақыратынын жеткізді.

Әңгімелесу кезінде пандемияның салдарларын жою мәселелеріне баса мән берілді. Субраманиям Джайшанкар Қасым-Жомарт Тоқаевқа екпе сертификаттарын өзара мойындау жөніндегі елінің ұсынысын жеткізіп, Үндістанның фармацевтика және экономиканы цифрландыру салалары бойынша ынтымақтастықты жандандыруға әзір екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro