“Үрей, дұға мен қорқыныш“: Air Astana ұшағы Ақтауға шұғыл қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Үрей, дұға мен қорқыныш“: Air Astana ұшағы Ақтауға шұғыл қонды "Лада" & ztb.kz

31 тамызда Алматы - Ақтау бағыты бойынша КС 859 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты шұғыл қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 тамызда Алматы - Ақтау бағыты бойынша КС 859 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты шұғыл қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ көтеріле бастаған сәттен-ақ салонында ерекше дыбыстар естілген. Биікке көтерілгеннен кейін жарты сағат өткен соң әуе лайнері күрт төмендей бастаған.

FlightRadar24 қосымшасында ұшақтың Ақтау әуежайына қонар алдында бірнеше рет айнала ұшқаны көрсетілген.

Ақшұқыр және Сағын Шапағатов ауылдарының тұрғындары оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері келгенін айтқан.

"Адамдар дұға оқып, әйелдер жылап жатты, тіпті стюардессалардың өзі абыржып тұрды, жүздерінен қорқыныш байқалды. Бір кезде борттан мәжбүрлі қону жасалуы мүмкін деген хабар жетті. Стюардессаның даусы дірілдеп, қорқып тұрғаны сезілді", - деп жолаушылардың бірі ZTB-ге әңгімелеп берген.

Air Astana не дейді?

"Экипаж техникалық ақау туралы хабарлап, нұсқаулыққа сәйкес қонуға рұқсат сұрады. Осыдан кейін ұшақ қауіпсіз биікке төмендеп, Ақтау әуежайына сәтті қонды", - деп мәлімдеді авиакомпанияның баспасөз қызметі ZTB-ге.

Қазір мамандар әуе кемесіне тексеру жүргізіп жатыр. Ақтау - Алматы бағытындағы КС 860 кері рейсінің жолаушылары басқа ұшақпен жөнелтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети