Үш облыста көлік қозғалысы шектелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш облыста көлік қозғалысы шектелді Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Ақмола облысы

10:40-тан бастап республикалық маңызы бар Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ өткізу пункті) автожолының 16–200 км аралығы (Астана – Павлодар облысының шекарасы, 184-км) бойынша қар, жаңбыр және көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
11:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті) автожолының 19–231 км учаскесінде барлық көлік түріне жылдамдық 140 км/сағ-тан 100 км/сағ-қа дейін шектелді.

Абай облысы

Таңғы 07:30-дан бастап ҚХР шекарасы – Майқапшағай – (Зайсан айналма жолымен) – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы тасжолының 756–906 км аралығы, яғни Семей – Қалбатау учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
Жолды ашудың болжамды уақыты - 13:00.

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен – Семей автожолы: 10–103 км (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы) учаскесі.
Жолды ашудың болжамды уақыты - 2025 жылғы 14 желтоқсан, 06:00.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети