11 қараша 2024 | 18:26

Үй кезегінде тұрған ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға қандай жалға берілетін пәтерлер беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданындағы жұмыс сапары барысында әлеуметтік осал топтар (ХӘОТ) мен жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер қарастырылған жаңа "Alem City 3" тұрғын үй кешенін аралап көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданындағы жұмыс сапары барысында әлеуметтік осал топтар (ХӘОТ) мен жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер қарастырылған жаңа "Alem City 3" тұрғын үй кешенін аралап көрді.

Сапар барысында Ерболат Досаев мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құрудың маңыздылығын атап, тұрғын үйлерге пандустар орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, жаңа үйлерді уақытылы инженерлік желілерге қосып, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2022-2023 жылдары коммуналдық тұрғын үй қорына ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға бөлінетін 4100 пәтер берілді. 2024 жылдың соңына дейін қосымша 3150 пәтер сатып алу жоспарланып отыр, оның 2100-і ХӘОТ-қа, ал 1050-і жұмыс істейтін жастарға арналған.

Жұмыс істейтін жастарға үш жылға дейінгі мерзімге айына 7-15 мың теңге аралығында төлеммен жалға беру қарастырылған, алайда ұзарту немесе сатып алу мүмкіндігі жоқ. Осы кезеңде жалға алушы жастар кейіннен екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекаға тұрғын үй сатып алу үшін депозитте қаражат жинауы керек.

Биылғы 10 айда 4828 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың ішінде:

  • 1655-і кезекте тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы баспана алғандар;
  • 2100-і жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана алғандар;
  • 226-ы жылдық 2-5% жеңілдетілген несие беретін бағдарлама арқылы баспана алғандар;
  • 847-ы "Алматы жастары" бағдарламасы аясында үйлі болғандар.

Сондай-ақ, 187,3 млн теңге сомасына 160 тұрғын үй сертификаты берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Алматы әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети