Венесуэла президенті Трампқа шабуыл жасамауды өтініп, үн қатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэла президенті Трампқа шабуыл жасамауды өтініп, үн қатты El Pais

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ президенті Дональд Трампқа ағылшын тілінде елге шабуыл жасамауды өтініп, үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ президенті Дональд Трампқа ағылшын тілінде елге шабуыл жасамауды өтініп, үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Соғысқа жол жоқ, соғысқа жол жоқ. Тек бейбітшілік, тек бейбітшілік орнасын, мәңгіге, мәңгіге. Ешқандай соғыс болмасын. Өтінемін, өтінемін, өтінемін", - деді мемлекет басшысы Каракаста өткен іс-шарада.

23 қазанда Трамп АҚШ Венесуэладағы есірткі картельдеріне қарсы әскери операция өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ол Вашингтон Каракасқа наразы екенін білдіріп, Венесуэланы АҚШ аумағын заңсыз мигранттармен және есірткімен "толтырды" деп айыптады.

New York Times басылымының ақпаратына сәйкес, Ақ үй Орталық барлау басқармасына (ЦРУ) Мадуро үкіметін құлату мақсатында Венесуэлада құпия операциялар жүргізуге рұқсат бергенін растаған. Венесуэла үкіметі бұл мәлімдемені айыптап, америкалық лидерді "халықаралық құқықтың өрескел бұзды" деді.

Қыркүйекте АҚШ Венесуэла жағалауында есірткі тасымалдайды деп күдік келтірілген қайықтарды жою үшін қарулы күштерін пайдалана бастаған.

NBC телеарнасының хабарлауынша, АҚШ әскерилері Венесуэла аумағындағы есірткі саудасымен айналысатындарға соққы беру жоспарын дайындап жатыр, мұндай операциялар алдағы бірнеше аптада басталуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети