Ворониндер отбасын ұшаққа мінгізбей қойған SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ворониндер отбасын ұшаққа мінгізбей қойған SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды Фото: Tengrinews.kz

27 мамырда Қостанай әуежайында SCAT әуекомпаниясының қызметкері Қостанай – Анталия бағытындағы рейсіне Ворониндер отбасын мінгізбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 мамырда Қостанай әуежайында SCAT әуекомпаниясының қызметкері Қостанай – Анталия бағытындағы рейсіне Ворониндер отбасын мінгізбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

SCAT әуекомпаниясы Ворониндер отбасынан кешірім сұрағанын, сонымен қатар өздері таңдаған күнге туристік пакетті ұсынғанын хабарлады.

"Жолаушыларымыздың осындай келеңсіз жағдайға тап болғанына қатты өкінеміз. Біз Ворониндер отбасының демалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырыстық. Жолаушыларды рейстен шығарған қызметкерге қатысты барынша қатаң шаралар қолданылды", - деп хабарлады SCAT әуекомпаниясы.

Ал Азаматтық авиация комитеті SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғағанын хабарлады. Бұған әуекомпанияның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабын бұзғаны себеп болған.

"Жолаушылардың барлық санатына, оның ішінде мүгедектігі бар жолаушыларға қызмет көрсету кезінде әдеп нормаларын сақтау қазақстандық әуекомпаниялары жұмысында басымдық болуға тиіс екенін атап өтеміз. SCAT әуекомпаниясының ақпараты бойынша, жолаушыға келтірілген материалдық залал өтелді, жақын арада жолаушылар ұсынылған туристік жолдамаға сәйкес ұшуды жоспарлайды. Әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген SCAT әуекомпаниясының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қабылданады. Алайда, құқық бұзғаны үшін SCAT әуекомпаниясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады комтитет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети