Із-түзсіз жоғалған отбасы: Атырау маңындағы аумақта тексеріс күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Із-түзсіз жоғалған отбасы: Атырау маңындағы аумақта тексеріс күшейтілді azh.kz/Айгүл Мансұрова

25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. "Ақ Жайық" басылымы оқиға орнындағы жағдайды мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. "Ақ Жайық" басылымы оқиға орнындағы жағдайды мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жангелдин ауылының жоғалған тұрғындарының ісі бойынша күдікті бұрын тұрған Геолог ықшамауданында іздеу және тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал отбасы мүшелері Наурыз бен Мирамгүлді іздеу бес күннен аса уақыттан бері жалғасып жатыр.

Қазір аумақта полиция мен Ұлттық ұланның аз ғана күші жұмылдырылған. Жылжымалы штаб құрылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, іздеу мен тергеу жұмыстары тоқтаған жоқ, бұрын мұнда ауқымды шаралар өткізілгеніне қарамастан жалғасып жатыр.

Полиция қызметкерлерінің бірі аты-жөнін атамауды сұрап, тергеу барлық нұсқаны қарастырып жатқанын айтты. Оның ішінде күдіктінің тұрған жеріне байланысты нұсқа да бар.

Бұл аумаққа назар аударылуы бекер емес. "Ақ Жайық" мәліметінше, күдікті Сұлтан Сарсемалиев пен жұбайы Ақбаян осы маңда 50 мың теңгеге уақытша үй жалдап тұрған. Олар біраз уақыт сонда өмір сүрген. Көршілес үйлердің бір бөлігі бос, бір бөлігі жалға берілген.

Үйдің ішінде тергеушілердің мұқият жұмысының іздері байқалады. Бөлме толық қаралған, заттар шашылып жатыр. Бөлменің ортасында кілем ұқыптап жинаулы тұр. Терезенің бір жақтауынан пломбаны алғаннан кейін тергеу кезінде қолданылатын қызыл бояудың ізі қалған.

Аула мен маңайда бұрын жүргізілген жұмыстардың іздері сақталған. Жер қазылған, кей жерлерде техниканың іздері көрінеді. Іздеу үшін бұған дейін көп күш пен арнайы құралдар тартылған. Әсіресе, жер астындағы нысандарды табуға арналған георадар қолданылған. Оны Оралдан жеткізген. Сол құралдың көмегімен аула, маңайдағы учаскелер және үйдің айналасы түгел тексерілген.

Бұл аудан біркелкі салынбаған, саяжайлармен шектеседі. Мұнда бейнебақылау камералары аз. Көршілердің камералары жазбаларды 15 күннен артық сақтамайды, бұл оқиғаның хронологиясын қалпына келтіруді қиындатады.

Көршілес Өзбекстан азаматтары тұрады. Олардың айтуынша, ешқандай күмәнді жағдайды естімеген, көрмеген. Тергеу барысында ықшамауданның басқа тұрғындары да сұралды. Барлығы да жанжал, шу немесе оғаш әрекеттерді байқамағанын айтты.

Көршілері отбасын тұйық адамдар деп сипаттайды. Олар сыртқа сирек шыққан, айналадағы адамдармен көп араласпаған.

Іздеу барысында аула мен маңай түгел тексерілген: қазу жұмыстары жүргізілген, шөп пен қамыс шабылған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Жұмысты далаға жақын орналасуы, теміржолдың болуы, лай мен ауа райының қолайсыздығы қиындатып отыр.

Ресми түрде тергеу барлық нұсқаны қарастырып жатыр. Дегенмен жүргізіліп жатқан жұмыстар жоғалғандардың қаза болуы мүмкін деген болжамға көбірек көңіл бөлініп отырғанын көрсетеді.

Іздеу және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.

"Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазір оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деді бұған дейін полиция.

8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети