Зеленский Путиннің келіссөздер туралы мәлімдемесіне жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский Путиннің келіссөздер туралы мәлімдемесіне жауап берді x.com/ZelenskyyUa

Украина АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған күш-жігерін қолдайды. Осыған байланысты украин тарапы Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен мемлекет басшылары деңгейінде кездесу өткізуге дайын екенін тағы да растады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі X парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Мәскеу бейбітшілікке шын ниетті екенін көрсетіп, техникалық кездесулер мен нәтижесіз мәлімдемелерден мазмұнды диалогқа көшуі керек.

"Біз Ресей тарапынан түрлі мәлімдемелерді естіп отырмыз. Егер бұл олардың соғысты абыроймен аяқтап, ұзақмерзімді бейбітшілікті орнатуға деген шын дайындығының белгісі болса, ал бұл жай ғана соғысты созу немесе санкцияларды кейінге шегеру амалы болмаса, Украина басшылар деңгейінде кездесуге кез келген уақытта дайын екенін тағы да мәлімдейді", – деді Зеленский.

Ол Киев Ресейде нақты шешімді кім қабылдайтынын жақсы білетінін айтып, сондықтан нақты мазмұндағы диалог қажет екенін атап өтті.

"Біз Ресейде шешімді кім қабылдайтынын білеміз. Бұл соғысты кім тоқтата алатынын да білеміз. Мұны бүкіл әлем жақсы түсініп отыр. Украина енді жай мәлімдеме алмасудан немесе техникалық деңгейдегі кездесулерден нақты басшылар деңгейіндегі келіссөзге көшуді ұсынады. Мұны Америка да ұсынған. Украина оны қолдаған. Енді Ресейдің нақты дайын болуы қажет", – деді ол.

Бұл Зеленскийдің Мәскеу мен Киев арасындағы бейбіт келіссөздерге қатысты Путиннің жаңа мәлімдемесіне жауабы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети