Зеленский Путиннің Мәскеуде кездесу туралы ұсынысын қабылдамай, оны Киевке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский Путиннің Мәскеуде кездесу туралы ұсынысын қабылдамай, оны Киевке шақырды ABC news

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Мәскеуде бейбіт келіссөздер өткізу туралы ұсынысын қабылдамай, оны Киевке шақырды. Бұл туралы ол ABC News арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Мәскеуде бейбіт келіссөздер өткізу туралы ұсынысын қабылдамай, оны Киевке шақырды. Бұл туралы ол ABC News арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол Киевке келе алады. Егер адам соғыс кезінде кездескісі келмесе, әрине, мен де, өзгелер де қабылдай алмайтын нәрсе ұсына алады. Бұл менің оны Киевке шақырғаныммен бірдей", – деді Украина президенті.

Зеленскийдің пікірінше, Путин мұндай ұсынысты кездесуді кейінге шегеру үшін жасаған.

Украина президенті өз еліне күн сайын зымыран шабуылдап жатқанын айтып, дәл қазір Мәскеуге бара алмайтынын жеткізді және Путиннің "мұны жақсы түсінетінін" атап өтті.

Путин 3 қыркүйекте Қытайға жасаған сапарынан кейін Зеленскийді Ресей астанасында келіссөздер өткізуге шақырған болатын. Екі күннен соң, Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Ресей президенті Мәскеуді жоғары деңгейдегі келіссөздерге арналған "ең жақсы орын" деп атады. Сондай-ақ, украин тарапына жұмыс істеуге және қауіпсіздікке барлық жағдай жасалатынын сендірді.

Зеленский Путиннің шақыруына пікір білдіріп, бұған дейін: "Егер біреу кездесудің болмауын қаласа, оны Мәскеуге шақыру керек", – деген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети