27 мамыр 2026 14:25

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Фото: depositphotos.com

27 мамырда Астанадағы барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Tengri Education елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бөлісу

27 мамырда Астанадағы барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Tengri Education елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжаттарды офлайн да, онлайн да тапсыруға болады.

"Онлайн қабылдау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар платформадағы кейбір техникалық іркілістерге байланысты қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз", – деп мәлімдеді әкімдік.

1-сыныпқа қабылдау үшін мына құжаттар қажет:

Жарнама
Жарнама
  • ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
  • №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
  • №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  • 3×4 см көлеміндегі 2 фотосурет.

Құжат қабылдау 31 тамызда аяқталады.

Бұған дейін Қазақстан мектептеріндегі бітіру емтихандарының мерзімі мен гранттар конкурсының өтетін күндері жарияланған болатын.

Пікірлерді оқу