29 мамыр 2026 11:47

Қазақстан Ресейдің үш өңірінде мектеп салады

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Қазақстан Ресейдің бірнеше облысында мектеп салады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education.

Бөлісу

Қазақстан Ресейдің бірнеше облысында мектеп салады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education.

Вице-премьер Ресей Қазақстанға Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында үш мектеп салуды ұсынғанын еске салды.

"Тиісінше, біз Орынбор облысында, Омбы мен Астраханьда мектеп салу бастамасын көтердік. Менің білуімше, Орынборда жер телімі келісілді, ал Астрахань мен Омбы бойынша келісу жұмыстары жүріп жатыр. Мұның бәрі дайын болған кезде, біз құжаттарға бір уақытта қол қоямыз", - деді Жұманғарин Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының кулуарында.

Шенеуніктің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдегі аталған мектептер аралас болады: онда оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқу орындарын 1-1,5 жыл ішінде салып бітіру жоспарланып отыр.

Жарнама
Жарнама

Күні кеше Қазақстан мен Ресей президенттері Астанада "Сириус" мектебінің құрылысына бастау берді. "Қазақстан – Сириус" халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын салу рәсімі мемлекет басшыларының қатысуымен онлайн форматта өтті.

Пікірлерді оқу