Наурыздағы ҰБТ-2026: алдын ала қорытынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыздағы ҰБТ-2026: алдын ала қорытынды Фото:gov.kz

Наурыздағы ҰБТ-2026 басталғалы бері тестілеуден 117 мыңнан аса адам өтті. Талапкерлердің басым бөлігі - 71,6 пайызы емтиханды қазақ тілінде, 28,3 пайызы орыс тілінде тапсырса, тағы 111 адам ағылшын тілін таңдаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.


Наурыздағы ҰБТ-2026 басталғалы бері тестілеуден 117 мыңнан аса адам өтті. Талапкерлердің басым бөлігі - 71,6 пайызы емтиханды қазақ тілінде, 28,3 пайызы орыс тілінде тапсырса, тағы 111 адам ағылшын тілін таңдаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Нәтижелер мен көрсеткіштер

Үшінші аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 67,11 пайызы шекті балды жинады. Бес пән бойынша орташа көрсеткіш 63 бал болды.

Ең жоғары нәтиже 139 балға жетті.

Талапкерлерге қандай жағдай жасалған?

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылады. Тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 283 талапкер қатысқан.

Талапкерлер тапсырмалардың мазмұны бойынша емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтінім бере алады. Техникалық себептерге қатысты шағымдар тікелей тестілеу кезінде қабылданады.

Қорытынды көрсетілген сертификаттар апелляциялық өтінімдер қаралғаннан кейін жеке кабинетте қолжетімді болады.

Ереже бұзу мен бақылау

Үшінші аптада 179 ереже бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 97 талапкер смартфон мен шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекеттенгені үшін тестілеуден шеттетілді.

Тағы 82 адам тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Бөгде тұлғалардың қатысу деректері тіркелген жоқ.

ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Ереже бұзу анықталған жағдайда тестілеу нәтижесі жойылады.

Еске сала кетейік, тестілеуге қатысу бойынша 184 мыңға жуық өтініш қабылданған болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.9   556.59   5.87 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети