29 наурыз 2017 21:34

100 жастағы актриса Айша Абдуллина ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

№1 "Сахнагер" ұлттық театр премиясы Қазақстанның халық әртісі, театрда 80 жылдан аса уақыт өнер көрсетіп келе жатқан және 200-ден аса рөлді сомдаған Айша Абдуллинаға ұсынылды. Халық әртісі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтып берді.


№1 "Сахнагер" ұлттық театр премиясы Қазақстанның халық әртісі, театрда 80 жылдан аса уақыт өнер көрсетіп келе жатқан және 200-ден аса рөлді сомдаған Айша Абдуллинаға ұсынылды. Халық әртісі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтып берді.

Ресми дереккөздерде актриса 1916 жылдың 22 маусымында дүниеге келген деп жазылған, алайда Айша Абдуллина 1917 жылдың 26 желтоқсанында дүниеге келген екен.

"1917 жылы дүниеге келгенмін, ал театрға түсуге келгенде менен былай деп сұрады: "Сен әлі кішкентайсың ғой, 15 жастағыларды алмаймыз. Бірақ біз онда сені 16 жаста деп жазып қоямыз. Мен бұған актриса болу үшін ғана келістім. Осылайша, театрға түстім. Ал екі жылдан кейін сахнаға шықтым", - деді Айша Абдуллина. 

"Қазір көбісі менен ұзақ өмір сүруімнің құпиясы жайлы сұрап жатады. Бұл ең жиі қойылатын сұрақ. Мен оларға өзімнің байсалды адам екенімді айтамын. Кейбір әртістер көңіл-күйі болмай, кейбір рөлдерді сомдағысы келмейтінін айтып жатады. Бірақ мен ешқашан олай айтқан емеспін. Маған бір рөлді береді, үлкен болсын, кіші болсын, барлығына қанағат дейтінмін. Барлық рөлімді ұнататынмын", - дейді 100 жастағы актриса.

Сондай-ақ, халық әртісінің қызы Айгүл Қарымсақова кішкентай кезінен бері анасының сұлулығына және қарапайымдылығына тамсанып келгенін айтады. "Менің әкем оны қатты сүйетін. Оның қасынан кетпес үшін тіпті әртіс болуға дайын екенін айтатын. Әкем саудада жұмыс істеді, Ленинградтағы Сауда институының түлегі. Кейін соғысқа аттанды. Бірақ соғыстан кейін денсаулығы сыр берді. Ұзақ өмір сүрмеді", - дейді ол.

Айта кетейік, актриса қазір жалғыз қызымен бірге Бішкекте тұрып жатыр. Немерелері мен шөберелерінің қызықтарын көріп жүр. Егде жаста болғанына қарамастан Айша Абдуллина Қазақстанға ұшақпен келіп-кетіп жүреді екен.

"Бізде қазір өнер адамдары аз. Ұлттық премияны беру туралы идея дұрыс әрі жастарға пайдалы және мен бұл жерде өнер адамдарының қажеттілінін білетін әрі түсінетін министр Арыстанбекті қолдаймын (Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы - автор.)", - деді Айша Абдуллина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети