25 қыркүйек 2021 | 17:00

“40 000 доллар ақша кетті. Сотқа бердік!". "Жұлдыздың жары" бағдарламасында - Нұржан Жүсіп

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші, актриса, Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығы иегері Салтанат Бақаеваның жары, жеке кәсіпкер Нұржан Жүсіп "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әнші, актриса, Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығы иегері Салтанат Бақаеваның жары, жеке кәсіпкер Нұржан Жүсіп "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұржан Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында негізгі кәсібі, Салтанатпен алғашқы таныстығы, қызғаныш сезімі, отбасылық өмірде болған түсініспеушіліктер, екеуінің дуэті, үлкен қателігі туралы айтты.

Нұржан қандай кәсіппен айналысатынын айтты.

"Техниканы жөндейміз. Қазіргі заманда адамдар телефонсыз, ноутбуксіз өмір сүре алмайды. Сондықтан біз соны жөндейміз. Бұл кәсіпке 5 жыл болып қалды. 2017 жылы бастадым. Өйткені өзім кішкентай кезімнен жөндеуді жақсы көрген едім. Мүмкін, менің арманым шығар. Содан басталып кетті", - дейді ол.

Нұржанның айтуынша, жары Салтанатпен алғашқы таныстығы өз үйінде болған.

"Салтанатпен қызық болды. Біздің үйде таныстық. Менің әпкем театрда жұмыс істеген соң, бір күні Салтанатты түскі асқа шақырады. Сол түскі аста, біздің үйде танысқанбыз. Жарты жылдан кейін біз үйлендік", - дейді Нұржан.

Ол өнер адамының жары болудың қиындықтарын айтты.

"Еркек болғаннан кейін қызғаныш болған. Бірақ Салтанат телефон соғып тұрады, бәрін айтып тұрады. Бір-бірімізге өте қатты сенеміз. Содан соң Салтанатты қатты қызғанбаймын. Маған ұнайтын, ұнамайтын заттарды өзі біледі, соны жасамайды", - деді Нұржан.

Сондай-ақ, Нұржан отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында түсініспеушіліктер болғанын әңгімеледі.

"Басқа жерде өсті, өнді, ерке қыз. Басында түсініспеушілік болды. Бірақ кейбір кезде мен айтып тұратын едім: "Салтанат, подругаларыңмен сосын кездесесің. Бірінші ата-енеңе тамақ дайындап, содан кейін өз жұмысыңды жасай бер", - дейтінмін. Соны жасап жүрді. Бәрі жақсы болып кетті. Үйреніп кетті", - дейді ол.

Нұржан бағдарламада ерекше қырларын көрсетіп, ортақ жұмыстары туралы айтты.

"Үш жыл бұрын бізді "Махаббат әлемі" атты концертке шақырды. Салтанатпен бірге дуэт айттық. Қатты қобалжыдым. Ешқашан сахнаға шыққан емеспін. Салтанат өнер адамы болғандықтан, бәрін үйретті. Қалай шығу керек, қалай сахнада өз-өзін ұстау керегін, соның бәрін түсіндіріп, ән айтып шықтық екеуміз", - деді ол.

Әншінің жары Салтанатқа да жаңа дүниелер үйреткенін айтты.

"Салтанат бұрыннан бері жүзе алмайды. Жүзіп үйренді. Азанда бірге тұрып, бір жылдай пандемияның алдында қатысты. Кейін жаңа фитнеске бардық, ол жақта да біраз болды, сол жақтан үйренді", - деді ол.

Сонымен қатар, Нұржан өмірде жіберген үлкен қателігін жасырмады.

"Ең үлкен қателігім машина жағынан болған болар. Он жыл бұрын осы Қазақстаннан заказ бергенмін. Бірақ машинаны көрген жоқпын. Ақша да жоқ, машина да жоқ. Сол үлкен қателік болды. Lexus-қа заказ бергім келген. 40 000 доллардай ақша кетті. Сотқа бердік. Көп адам заказ берген, арыз жазды. Өкінішке орай, таппады", - деді.

Сенбіде, 25 қыркүйекте сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!

Айта кетейік, бағдарламаның алғашқы шығарылымында әнші Айқынның жары Жұлдыз Өмірғали қонақ болды. Алда бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің, актер Рүстем Жаныамановтың және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады. Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.

Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети