Талдықорғанда Алматы облысының ардагерлер ұйымының шығармашылық бірлестіктері қатысқан ерекше концерт өтті. Ардагерлер ұйымының 30 жылдығына арналған "Қарттардың да өнерге бар таласы" облыстық конкурсының қорытындысы бойынша шара Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті.

Егде жастағы әртістердің ең үлкенінің жасы - 86 жаста. Үмітжан Ботабаева қазақтың ұлттық биін орындады. Үмітжан әже - Жамбыл ауданындағы бишілер ансамблінің ардагері. Алматы облысында өткен гала-концертке әр өңірден келген таланттар өз өнерін паш етті. Олар ұлттық билерді орындап, сиқыршы болып та өнер көрсетті. Сонымен қатар, хорда ән айтып, оркестрмен бірге орындады.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осы байқауда ерекше өнер көрсеткен таланттарды мақтап, алғыс білдірді. "Құрметті достар, өнерлеріңіз барлық көрерменді таңғалдырғаны сөзсіз. Сөзім жоқ! Сіздердің осындай қуатты болғандарыңызға қуанып отырмын. Барлығыңыз да талант иесісіз, әсіресе мені Үмітжан әженің өнері таңғалдырды, ол кісі өзінің жасы біразға келгеніне қарамастан, сүйікті ісімен айналысып келеді. Сіз жастарға өнегесіз. Барлығыңызға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй тілеймін. Сіздердің республикалық, халықаралық байқауларда өнер көрсететіндеріңізге сенемін, ал біз өз тарапымыздан гастрольдік сапарларды ұйымдастыруды қолға аламыз", - деді Амандық Баталов.
Осы байқаудың қадірлі қонағы болған ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов өнерпаздарды жоғары бағалады.