86 жастағы әже Талдықорғанда көрермендерді таңғалдырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Талдықорғанда Алматы облысының ардагерлер ұйымының шығармашылық бірлестіктері қатысқан ерекше концерт өтті. Ардагерлер ұйымының 30 жылдығына арналған "Қарттардың да өнерге бар таласы" облыстық конкурсының қорытындысы бойынша шара Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда Алматы облысының ардагерлер ұйымының шығармашылық бірлестіктері қатысқан ерекше концерт өтті. Ардагерлер ұйымының 30 жылдығына арналған "Қарттардың да өнерге бар таласы" облыстық конкурсының қорытындысы бойынша шара Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті.

Егде жастағы әртістердің ең үлкенінің жасы - 86 жаста. Үмітжан Ботабаева қазақтың ұлттық биін орындады. Үмітжан әже - Жамбыл ауданындағы бишілер ансамблінің ардагері. Алматы облысында өткен гала-концертке әр өңірден келген таланттар өз өнерін паш етті. Олар ұлттық билерді орындап, сиқыршы болып та өнер көрсетті. Сонымен қатар, хорда ән айтып, оркестрмен бірге орындады.  

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осы байқауда ерекше өнер көрсеткен таланттарды мақтап, алғыс білдірді. "Құрметті достар, өнерлеріңіз барлық көрерменді таңғалдырғаны сөзсіз. Сөзім жоқ! Сіздердің осындай қуатты болғандарыңызға қуанып отырмын. Барлығыңыз да талант иесісіз, әсіресе мені Үмітжан әженің өнері таңғалдырды, ол кісі өзінің жасы біразға келгеніне қарамастан, сүйікті ісімен айналысып келеді. Сіз жастарға өнегесіз. Барлығыңызға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй тілеймін. Сіздердің республикалық, халықаралық байқауларда өнер көрсететіндеріңізге сенемін, ал біз өз тарапымыздан гастрольдік сапарларды ұйымдастыруды қолға аламыз", - деді Амандық Баталов. 

Осы байқаудың қадірлі қонағы болған ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов өнерпаздарды жоғары бағалады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.59  course down  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer