Абайдың Бішкекте орнатылатын ескерткіші жобасына байқау жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абайдың Бішкекте орнатылатын ескерткіші жобасына байқау жарияланды Абай Құнанбайұлы. Ә.Қастеев картинасының репродукциясы.

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының Бішкекте орнатылатын ескерткіші жобасына байқау жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абай ескерткішінің эскизін жасап тапсыруға авторлық ұжымдардың да, жеке тұлғалардың да мүмкіндігі бар. Материалдар министрліктің Мәдениет комитетіне 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынылуы керек. Қазақтың ұлы ақынының ескерткіші қоладан құйылады, ол Қырғыз Республикасы астанасының Фрунзе көшесіндегі "Театральный" гүлбағына орнатылады. Ескерткіштің ең үздік жобасына арналған байқаудың шарттары туралы мына жерден танысуға болады. Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында Бішкекте Абай Құнанбайұлы ескерткішін орнату туралы шешім 2012 жылдың мамыр айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуі кезінде қабылданған болатын. Ал 2013 жылдың көктемінде қазақ ғұламасының ескерткіші Өзбекстан астанасында бой көтерді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети