Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының басшысы қызметінен кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының басшысы Асқар Бөрібаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Театр өкілдерінің айтуынша, ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының басшысы Асқар Бөрібаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Театр өкілдерінің айтуынша, ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған. 

"Бүгін таңертең Асқар Исмайылұлы өз еркімен қызметінен кету туралы арыз жазды. Мұндай шешім шығаруға ("Паяцы" және "Сельская честь") операға дайындық кезінде бірнеше хор әртістері саботаж ұйымдастыруы себеп болған. Ол одан ары қарай мұндай жанжалдың күшеюіне жол бермеу үшін кетті. Спектакль премьерасының болмай қалу қаупі төнді. Олар жалақыны көтеруді сұрады", - деді театр өкілдері.  


Асқар Бөрібаев. © Tengrinews.kz

Оның орнына директор қызметін атқарушы болып Ая Қалиева тағайындалды. Бір ай бұрын ол Жамбыл атындағы мемлекеттік филармаонияны басқарған еді. 

Бүгін таңертең жаңа басшыны театр ұжымына вице-министр Ақтоты Райымқұлова таныстырды. 

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар Бөрібаев 2014 жылдан бері Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының басшысы болды. Ол Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консервоториясын және Мәскеу мемлекеттік П.И. Чайковский атындағы консервоторияны тәмамдаған. Афина консервоториясының профессоры. 

Асқар Бөрібаевтың басшылығымен театр саханасында жарқын опера және балет спектакльдерінің премьералары өтті. Театр ұжымы Германия, Грекия, Италия және Грузияға гастрольдік сапарға жиі шығып тұрған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro