01 наурыз 2015 | 12:45

Ақтауға жаңа герб жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудың қазіргі гербі. Фото Тumba.kz сайтынан Ақтаудың қазіргі гербі. Фото Тumba.kz сайтынан

Ақтаудың жаңа гербі жасалады, - деп хабарлайды "Тумба". Қаланың қазіргі гербі мәнін жоғалтқан, бір кездегі алып зауыттар жоқ, атом реакторы істен шыққан. Сондықтан қаланың жаңа нышанын жасау жөнінде шешім қабылданған, ол Маңғыстау облысы орталығының қазіргі келбетін танытуы тиіс. Гербті жасау белгілі суретші, дизайнер Максим Басмановқа жүктелген. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтаудың жаңа гербі жасалады, - деп хабарлайды "Тумба". Қаланың қазіргі гербі мәнін жоғалтқан, бір кездегі алып зауыттар жоқ, атом реакторы істен шыққан. Сондықтан қаланың жаңа нышанын жасау жөнінде шешім қабылданған, ол Маңғыстау облысы орталығының қазіргі келбетін танытуы тиіс. Гербті жасау белгілі суретші, дизайнер Максим Басмановқа жүктелген. 

Қазір суретші қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушыларынан ұсыныс қабылдап жатыр. Көпшілік суретшіге гербте теңіз, түлендер, аққу, мұнай мұнарасы, арқар, зәкір, қоқиқаз, бекіре, алақан сияқты бейнелердің болуын ұсынған. Басманов бұл ұсыныстардың біразын ескеретінін айтты. 

"Теңіз бен аққулар герб нұсқаларының бірінде міндетті түрде болады. Көпшілік біздің қаланың осы символдарын көргісі келеді. Басқа нұсқалар туралы әзірше ойымды нақтылай қойған жоқпын. Гербте кемелердің жолын көрсететін шамшырақтың болғанын қалаймын, себебі әлемнің екі қаласында ғана көпқабатты үйдің төбесіне маяк орнатылған. Маған түрлі-түсті алақанның болуы туралы идея да ұнады, бұл біздің қаланың көпұлтты екенін білдіреді. Алақан гербтің айналасында болады, ал ішіне теңіз, мүйіс және маяк бейнеленеді деп ойлаймын", - дейді Басманов. 

Дизайнер гербке сәл де болса, динамика беру үшін оған бүркіттің бейнесін қосу жөнінде де ойланатынын айтты. Ол гербті бекітетін комиссияның талқысына бірнеше нұсқа ұсынбақшы. Қала әкімдігі наурыз айының соңына дейін Ақтаудың жаңа гербінің түпкілікті нұсқасын таңдауы тиіс. 

Максим Басманов бұған дейін де өңірдегі көптеген нысанының дизайнын жасаған. Оның ішінде, жергілікті мейрамханалардың интерьері мен Бекет ата жерасты мешітіне апаратын жолдың жобасы бар. "Мен қазақтардың Бекет атамен байланысты дәстүрлері мен аңыздарын бейнеледім. Адамдарды Бекет атаға апаратын жолының бойына кішкентай сәулет формаларын жасауды ұсындым. Бірақ олар жай ғана ескерткіштер емес, сол жерде жүзжылдықтар бойы жатқан жәдігерлердей болуы тиіс", - дейді суретші. Ол жол бойындағы шатқалдарға Құран жолдарын ойып жазуды да ұсынған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети