Біріккен Араб Әмірлігі жоғары кеңесінің мүшесі Султан Мухаммад аль-Касими қазақстандық зергердің қолынан шыққан бұйымдарыға аса қызығушылық білдірді, - деп жазады "Диапазон".
Біріккен Араб Әмірлігі жоғары кеңесінің мүшесі Султан Мухаммад аль-Касими қазақстандық зергердің қолынан шыққан бұйымдарыға аса қызығушылық білдірді, - деп жазады "Диапазон".
Ақтөбелік зергер Болат Атыраубаев Шарждағы "Мәдени мұра" фестиваліне қазақстандық өнерді таныту үшін зергерлік бұйымдарын апарған. Фестивальға 37 мемлекеттің тарихы мен мәдениетін дәріптеушілер қатысқан.
"Мәдени мұра" күндерінде шеберлер келушілерге өз қолдарынан шыққан кілемдерді, тоқыма бұйымдарды, алтын мен күмістен жасалған зергерлік заттарды ұсынған.
Қазақстаннан аталмыш фестивальға зергер Болат Атыраубаев пен шымкенттік кілем тоқушы Гүлмира Бегалиева қатысты.
Шарджаның басшысы ақтөбелік зергердің қолынан шыққан, құны 1,2 мың доллар тұратын ұлттық бұйымдарымызға жоғары баға берді. Ендігі уақытта аталмыш бұйымдар Шығыс және Азия халықтары мәдениеті мұражайына тапсырылатын болады.